САРЫАҒАШ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА

192

Қазақстан Республикасының ІІМ-нің 23.11.2020 жылғы «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға» арналған бағдарламасы негізінде, аудан аумағында құқықбұзушылықтың, оның ішінде мал ұрлығын алдын алу, болдырмау, ашу және ұрланған малдардың жүрген жерін анықтау мақсатында, 08.05.2023 жылғы Сарыағаш ауданы Полиция бөлімі қызметкерлерімен бөлім бастығымен бекітілген орналастыру жоспарына сәйкес, аудан аумағына рейдтік іс шара ұйымдастырылып, жалпы 110-ға жуық автокөліктер тоқталылып тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, әр түрлі аудандардан және Сарыағаш ауданы аумағынан әр аптаның дүйсенбі күні өтетін мал базарына келуші тұлғалар арасынан малды тасымалдау ережесін бұзып, өздерімен біргелікте мал шаруашылық жануарларының тиісті құжаттарынсыз тасымалдаған 10 тұлға анықталып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 406 бабымен шара көру үшін жинақталған іс құжаттар ауданның аумақтық ветеринария инспекциясына ұсыныстар жолданды.

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны жайлы ескертеміз.