ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР МАС ЖҮРГІЗУШІНІ АНЫҚТАДЫ

170

Қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу аясында Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған және мас күйінде көлік жүргізген жүргізушіні анықтады.

Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары көшелердің бірінде келе жатқан «Ниссан» автокөлігіне назар аударып, құжаттарын тексеру кезінде жүргізушінің мас күйіне күдіктенеді. Куәландырудың қорытындысына сәйкес оның мас екені расталды. Сондай-ақ жас жігіттің 2021 жылы мас халде көлік басқарғаны үшін 7 жыл мерзімге автокөлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде тұрған адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өз кезегінде полицейлер жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға, жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін бұзбауға, ең бастысы мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырады.