ЖЕТІСАЙЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСЫЛ АЛАҢДА ДОП ТЕУІП, ЖАРЫСТЫ

414

Жетісай қаласы “Қажымұқан” атындағы спорт алаңында “Отан қорғаушылар” күніне орай полицейлердің ұйымдастыруымен футболдан турнир өтті. Спорттық сайысқа полиция бөлімінің тергеу және анықтау бөлімшесі, учаскелік полиция инспекторлары, Асықата кенті полицейлерінің командасы, сондай-ақ Жетісай ауданының әкімдігі мен адами әлеуетті дамыту бөлімінің командалары қатысты.

Турнирге қатысушылар төзімділік, топта үйлесімді жұмыс жасай білу, бір-біріне қолдау көрсету, жалпы нәтижеге алаңдау, ең бастысы жеңіске деген ұмтылысты көрсете алды.

Ойынның нәтижесінде І-орын адами әлеуетті дамыту бөліміне, ІІ-орын учаскелік полиция инспекторларының командасына, ІІІ-орын Алғабас командасына бұйырып, жеңімпаздар арнайы кубоктармен марапатталды.

Сондай-ақ қатысушы команда мүшелерінің арасында үздік ойын көрсеткен қатысуларға «үздік ойыншы, үздік шабуылшы, үздік қақпашы, үздік қорғаушы» дипломдары табысталды.