ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАР АРАСЫНДА АСФАЛЬТҚА СУРЕТ САЛУ САЙЫСЫН ӨТКІЗДІ

179

Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен ПБ-нің алаңында «Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай тәртіп сақшыларының ұл-қыздары мен басқа да оқушылардың арасында мектепаралық асфальтқа сурет салу сайысы өткізілді.

Аталмыш шараға қаламыздағы Б.Момышұлы мектеп-гимназиясы, Тұран мектеп-гимназиясы, М.Горький, А.Байтұрсынов, Алпамыс батыр, Ю.Гагарин, Ш.Уәлиханов, Абай атындағы жалпы орта мектептерінің 7-8 сынып оқушылары қатысты.

Шараның мақсаты — балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тарихи — мәдени және рухани құндылықтарын бағалау. Олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, елінің нағыз патриоты болуға баулу.