ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫННАН ПСИХОТРОПТЫҚ «ТРАМАДОЛ» ДӘРІСІН АНЫҚТАДЫ

174

Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын заңға қайшы психотроптық «Трамадол» дәрісін қолданатыны туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеп, тексеру жұмыстарын бастап кетті.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдік тудырған тұрғынды анықтады. Сезікті ер адамды тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан 24 дана трамадол дәрісі табылып, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда тұрғынға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.