ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҢ АШЫЛЫМЫ 68,4% ҚҰРАДЫ

202

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен 2023 жылдың 3 айында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта тұрған міндеттерге байланысты кеңес өткізілді. Есептік шараға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов төрағалық етті.

Іс-шарада Қазығұрт АПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Мадияр Алтынбеков баяндама оқып: «Ауданда 2023 жылдың 3 айында 67 қылмыс тіркелген. Ал орын алған қылмыстардың ашылымы 68,4% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 15,7%-ға жоғарылаған. Алаяқтық қылмысы 19-дан 12-ге төмендеп, ашылуы 100% құрады. Бұзақылық қылмысы 6-дан 3-ке яғни 50%-ға төмендеді.

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мен болдырмау мақсатында, профилактикалық іс-шаралар үнемі жүргізіледі. Осы жұмыс нәтижесінде 145 мал тасымалдаушы автокөліктер мен 324 бас малдар тексеріліп, оның ішінде қараусыз жүрген ірі қара малдар анықталған.

Құжаттары жоқ мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабымен 48 хаттама толтырылды. Апта сайын аудан көлемінде мал базарларға рейд ұйымдастырылып, заңсыз мал тасымалдаушы азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 406 бабымен 36 мал иесіне әкімшілік шара көру мақсатында ауданның аумақ инспекция бөліміне ұсыныстар жолданды»-деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Қазығұрт ауданында көші-қон қызметі саласы бойынша жыл басынан шетел азаматтарына қатысты 22 құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылған. Ал шетелдіктің заңсыз жұмыс күшін пайдаланған ҚР 10 азаматына ҚР ӘҚБтК 519-бабы 1-бөлігімен әкімшілік шара көрілген.

Осы және басқа да сала бойынша жұмыстар сараланған кеңес соңында, поилция полковнигі Қ.Сахов жеке құрамға қылмыс пен құқық бұзушылыққа тосқауыл қоюда үнемі алдыңғы шепте қызмет етуге шақырды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, жеке құрамның тәртіп пен заңдылықты сақтауы күн тәртібінен түспеуін тапсырды.