ШАРДАРА АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

223

Шардара ауданы аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Қоғаммен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының» негізгі тәсілдері мен бастамалары тақырыбында іс-шара өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тұжырымдамасы әзірленуде. Ол ағымдағы жылы қабылданады.

Бұл Мемлекет басшысының Жарлығымен 5 жылға бекітілген маңызды стратегиялық құжат.

Қоғамның сұраныстарын ескеруге және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес келуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар азаматтарды қатты толғандыратын мәселелерді анықтауға болады.»- деді өз сөзінде Шардара АПБ бастығы Шералы Әділханұлы.

Бұдан бөлек, азаматтарға полиция қызметтерін көрсетудің үш деңгейлі моделіне көшу жүзеге асырылатындығы айтылды.

Бұдан бөлек, Шардара АПБ, ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Серік Естаев жаңа Сервистік модель бойынша баяндама жасады.