ТҮРКІСТАНДЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҰЛ-ҚЫЗДАРЫН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

158

ҚР Ішкі істер органы қызметкерлеріне халық тарапынан қойылатын талаптар өте жоғары. Сондықтан полицейлер күні-түні тұрғындар тыныштығын сақтап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жауапкершілікті сезіне отырып, дамылсыз қызмет етеді. Десе де, кей сәттері өз отбасына, оның ішінде ұл-қызына уақыт бөле алмай қалатын кездер болып жатады.

«1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында, облыс орталығының полицейлері өздерінің ұл-қыздарына мерекелік көңіл –күй сыйлады. Балаларымен қаланың көрікті жерлерін аралап, бірге уақыт өткізіп, сыйлықтарын үлестірді. Өз кезегінде полицейлердің ұл-қыздары алғыстарын білдіріп, тұрғындар тыныштығын сақтауда абыройлы қызмет етіп жүрген ата-аналарымен мақтанатынын жеткізді.

Жалпы Түркістан облысының полицейлері барша қазақстандық балаларды мейрамдарымен құттықтап, бақытты балалық шақ тілейді. Өскелең ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, адамгершілігі мол Қазақстанның беделді, білімді азаматтары болып өсе берсін!