ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙ КҮНІ» ҚАРСАҢЫНДА МУЗЕЙГЕ БАРДЫ

138

Жыл сайын 18-мамырда «Халықаралық музей күні» аталып өтіледі. Осыған орай Түркістан облысы ПД-нің Кадр саясаты басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығының жас мамандарын «Ұлы дала елі» музейіне апарып, ондағы тарихи мұрағаттармен таныстырды.

Негізгі мақсат – ішкі істер органдары қызметкерлеріне аға ұрпақ қалдырған жәдігерлерді көрсете отырып, музей жұмысының рөлін арттыру, ІІО тарихы, қазақстандық полицияның ерліктерін дәріптеу, халық арасында полицияның оң имиджін қалыптастыру болып табылады.

Мұндай шаралардың өткізілуінде үлкен мән бар. Себебі, бұл — полиция қызметкерлері бойында патриотизмді одан ары күшейтіп, эстетикалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Өз кезегінде музейге келіп, ұлттық құндылықтармен танысқан Түркістан қалалық полиция басқармасының жас полицейлері ерекше әсер алғандарын жеткізді.