ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУДЕ

166

Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 2023 жылдың 15-30 мамыр аралығында аудан аумағында «Абайлаңыз, балалар!» акциясын өткізуде.

Акция аясында Отырар ауданының ювеналды полиция тобының инспекторлары мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында профилактикалық әрі түсіндіру шараларын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты-оқушыларды жол қозғалысы ережелерімен таныстырып, жолдарда абай болу қажеттігін түсіндіру. Сонымен қатар оқушыларға автомобильдер алдынан жолға жүгірмеу, кез келген жерден жолды кесіп өтпеу ұғындырылды. Жаяу жүргіншілер өткелі бар аумақтан ғана өтуге кеңес берілді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары мектеп жанында орналасқан жол белгілерімен таныстырды.