МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛГЕН ЗАҢДАР БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ШАРАЛАРЫ АТҚАРЫЛДЫ
Мақтаарал аудандық полиция бөлімінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қол қойған кейбір Заңдар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны полиция подполковнигі А.Мұсырманқұлов пен аудан прокуроры Ж.Сарсенбай ұйымдастырып, жеке құрамға жиналыс өткізді.
Атап айтсақ, Президент «Қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын мәселелер бойынша» Заңға қол қойды, ол 17.05.2023 жылдан бастап күшіне енеді.
Сонымен қатар «Тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілуде. Оған қоса Қылмыстық кодекстің 106-бабы (денсаулыққа ауыр зиян келтіру), 107-бабы (денсаулыққа орта зиян келтіру) санаттары ауырлауда.
Сондай-ақ БҰҰ Конвенциясына сәйкес Қылмыстық кодекстің 146-бабында (азаптау) жаңа қылмыстық құқық бұзушылық -қатыгездік немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттер енгізілгенін түсіндірді.
Жиын соңында полиция қызметкерлеріне азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылмауына, сондай-ақ интернет алаяқтық, пен мал ұрлығы қылмыстарының алдын алуда жұмыстарды күшейтіп, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуге нұсқама берілді.