АУДАН КӨЛЕМІНДЕ «РӨЛДЕ ҰЙЫҚТАМАҢЫЗ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Ордабасылық полицейлер жол-көлік оқиғаларын азайту, автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру, жүргізушілердің назарын жол қозғалысы ережелерін сақтауға аудару мақсатында 31 шілдеге дейін «Рөлде ұйықтамаңыз» республикалық акциясын өткізеді.
Заңсыз жеке тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер көбінесе көлік құралын басқару кезінде тапсырыстардың ең көп санын жүзеге асыру мақсатында маневр жасау ережелерін бұзады, ал балаларды тасымалдау кезінде арнайы ұстау құрылғыларын пайдаланбай жатады. Жүргізушілер міндетті медициналық тексеруден өтпей, ұйқы мен демалу режимін сақтамайды. Сонымен қатар, басып озу ережесін бұзу қарсы қозғалыс жолағына шығуға ықпал етеді, бұл ауыр зардаптармен ЖКО жасауға әкеледі.
Құқық қорғау органдарының ерекше назар аударатын республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда түнгі уақытта жүру мәселесі, жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақаттану мен өлім-жітімнің статистикалық көрсеткіштерін келтіре отырып, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру бөлігінде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.