РЕТСІЗ САУДАМЕН АЙНАЛЫСҚАН АЗАМАТТАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

165

Бүгінде ретсіз сауда орындарының көбеюі ауданымыздың көркін бұзып,санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталмауына әкеліп соғуда.

Аудандық полиция бөлімі мен аудандық кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлері бірлесе Шұбарсу ауыл округіндегі белгіленбеген сауда қатарларына рейдтік шаралар жүргізуде.

Рейд барысында полицейлер аумақтағы жабайы сауда жасаушы тұлғаларға ретсіз сауданы болдырмау және алдын алу, санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуы және заң шеңберінде ғана өз кәсіптерін дөңгелетуге болатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.Ал, заң талаптарын ерекше бұзған 16 сауда иелеріне әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

Естеріңізге салайық, белгіленбеген орындарда сауда жасағандарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.