Патриотизм мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады

16

Рәміздер ғасырлар бойы аңсап жеткен азаттығымыздың, ата-бабаларымыздың арманын іске асырған тарихи жетістіктің нақты көрінісі. Рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың Отанына, тарихына, тілі мен діліне деген шынайы құрметінің, рухани тұтастығының дәлелі. Тарих сахнасында Түркістан қаласының орны ерекше. Түркі халықтарының рухани астанасы атанған бұл киелі шаһар – қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарған, елдік идеяның алтын бесігіне айналған мекен. Ел тарихындағы 300 жылдан астам уақыт бойы Қазақ хандығының орталығы болған Түркістанда билік құрған хандар, би-шешендер мен дін қайраткерлері ел болашағын қалыптастыру жолында тер төкті. Сондықтан да бұл қала – тек мәдениет пен өркениеттің емес, бірліктің, тұтастықтың және тәуелсіздік жолындағы күрестің символы. Бүгінде Түркістан қаласы – жаңарған, түрленген, заман талабына сай рухани-мәдени орталық ретінде ел назарында. Мемлекеттік деңгейдегі шаралар мен халықаралық форумдар өтіп жатқан бұл мекенде ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік рәміздерді дәріптеу ерекше мәнге ие. Қаланың әрбір бұрышында желбіреген көк байрақ, әкімшілік ғимараттар мен оқу орындарында орналасқан Елтаңба, шырқалған Әнұран – бұл көріністер тек рәсімдік сипатта ғана емес, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудің нақты құралына айналып отыр. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет Түркістан жұртшылығы үшін ұлтқа деген сүйіспеншілікпен қатар, бұл өңірдің тарихи жауапкершілігін де бейнелейді. Себебі Түркістан – ел болашағын қалыптастыруда тарихи үлес қосқан мекен. Рәміздер арқылы бұл рухани миссия жалғасып, қазіргі ұрпақтың бойына ұлттық сана мен мемлекетшілдік қасиеттер дарытылуда.

Қала мектептерінде, колледждер мен жоғары оқу орындарында Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, олардың мәнін түсіндіру бағытында түрлі тәрбиелік іс-шаралар, ашық сабақтар, патриоттық форумдар ұйымдастырылуда. Қалалық әкімдік, мәдениет және спорт басқармалары мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған арнайы науқандарды тұрақты түрде өткізіп келеді. Бұл – тек заңдық талапты орындау ғана емес, ел болашағына бейжай қарамайтын ұрпақ тәрбиелеудің маңызды тетігі. Сонымен қатар, Түркістан қаласының тұрғындары Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті күнделікті өмірде де айқын көрсетуде. Қаланың орталық алаңдары мен қоғамдық орындарда Мемлекеттік Тудың желбіреуі, Елтаңбаның лайықты түрде орнатылуы – ел азаматтарының рәміздерге деген шынайы құрметінің көрінісі.

Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің жарқын көрінісі, халқымыздың мақта­нышы мен абыройы. Қазақстанның Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны ұлтымыздың азаттыққа, өркендеуге және жасампаз­дыққа деген табанды ұмтылысының сим­волы. Сонымен қатар баршамызды мыз­ғымас бірлікке ұйыстыратын, әрбір аза­матты Отан үшін күнделікті қажырлы ең­бек етуге және үлкен жетістіктерге үн­дейтін күш. Осы орайда өткізілетін салтанатты іс-шаралардың тәрбиелік мәні өте зор. Көпшілік үшін көзіне оттай басылып, көңілінде ыстық табы қалатыны, көбіне Көк байрағымыз. Туды көргенде толқы­майтын адам жоқ. Көк Ту – азаттықтың белгісі. Халқымыз тарихи таңдауын жасайтын сәтте алып байрағы­мыздың көкте желбіреуін жақсы ырымға балап жататынымыз сондықтан. Көк Тудың көкке көтеріліп, желбіреуі – еңсе­міздің көтерілуі. Ол желмен жарысып жазыла түскенде желбіреген дауысынан біздің асқақ та азат рухымыздың үні ес­тіледі.

Мамандар қазақстандықтар арасында патриотизм сезімін арттырудың, мем­лекеттік рәміздерге құрметпен және ұқыпты қарауды үйретудің бірден-бір жолы ақпараттық-насихаттық жұмыстар екенін айтады. Бұл жұмыстар күнбе-күн қалыпты жағдай ретінде жүріп жатуы тиіс. Жас ұрпақтың санасына осы бастан сіңіре берсек, еліміздің тәуелсіздігі де баянды болмақ. Патриотизм дегеніміз мемлекеттік рә­міздерді құрметтеуден, дәріптеуден бас­талады. Сондықтан да біздің геральди­калық орталықтың басты мақсаттарының бірі – осы. Яки, сол арқылы жастардың ұлтқа, Отанға деген құрмет сезімін ояту. Мысалы, 1,5 млрд халқы бар Қытай мемлекетінің азаматтары өздерінің қызыл туларын қалай құрметтейді, оны бәріміз де көріп жүрміз. Түркия елі де сол. Ара­ларында саяси мәселелер болып жатқа­нымен, қызыл туы көтерілгенде түрік хал­қы бірігіп кетеді. Біз де сондай деңгейге жетуіміз керек. Біздің болашақ ұрпағымыз көк Ту желбіреген шақта, соның айнала­сынан табылып, жұмыла алатындай, оған құрметпен қарайтындай жағдайға же­туіміз қажет. Ол үшін жасалар жұмыс көп. Бұл тұста тек мемлекет тарапынан қолдау жасап қоймай, қоғам тарапынан, азамат­тар тарапынан да ынта болуы тиіс. Біздің тудағыдай нақты көріністі кез келген елдің жалауынан көре алмайсыз. Қыран құс пен күн біздің елдің ашықтыққа деген, еркіндікке деген құштарлығын айшықтап тұр. Ал Елтаңбамыздағы қос пырақ – қазақ тарихынан ғана емес, адамзат тарихынан хабар береді. Өйткені атты үйретіп мінгеннен бастап адам баласы дамуының жаңа сатысына қадам басты. Ал қазақ үшін ол ажырамас қана­тына айналды. Әнұранға келер болсақ, оның рухты сазы мен жігерлі сөздеріне жетер мазмұн жоқ. Сондықтан да, мем­лекеттік рәміздер – егеменді еліміздің өт­кені мен бүгінінің және болашағы ара­сындағы тарихи сабақтастықтың жарқын көрінісі.