ШЫМКЕНТТЕ БАРЛЫҚ НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДЕ ӨСІМ БАР ЖӘНЕ СОТТАЛҒАН АЗАМАТТАР ЖАҢА ЖОБА АЯСЫНДА АРНАЙЫ ОҚУ ОҚЫП, ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАДЫ

209

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі қаңтар-маусым айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды.

6 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласының барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң өзгерістер байқалғаны, өсім динамикасы тіркелгені атап өтілді.

Мегаполисте негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  30,4 пайызға артты.

Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, көлемі 14 пайызға өсті. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 32,3 пайызға артты.

Сонымен қатар, жалпы сауда көлемі 7,3%-ға, оның ішінде, бөлшек сауда 21,4 пайызға өскені байқалды.

Үкімет басшысы жауаптыларға өңірлерді дамытуда бірқатар тапсырмалар жүктеп, жалпы қабылданып жатқан шаралардың тұрақты мониторингін қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

 

СОТТАЛҒАН АЗАМАТТАР ЖАҢА ЖОБА АЯСЫНДА АРНАЙЫ ОҚУ ОҚЫП, ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАДЫ

Сотталғандар енді жаңа жоба арқылы арнайы оқу оқып, жұмыс істей алады.

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Қасымбекұлы прокуратура органдарының 6 айдағы атқарған жұмыстары төңірегінде өткен баспасөз брифингінгте айтты.

«Сотталғандарды түзету – қауіпсіздік кепілі» атты Жоба аясында 30 сотталған оқып жатыр. Ал сотталғандардың 60-ы  қыркүйек айынан бастап 10 айлық оқуға жіберіледі. Оқу аяқталғаннан кейін тиісті диплом, сертификаттар беріліп, жұмысқа орналастырылады. Басты мақсатымыз — сотталғандарды әлеуметтік ортаға қалыптастыруға бағытталды. Бұл жұмыстармен шектелмей сотталғандарды түзету мақсатында оларды спортқа баулу жүзеге асырылуда.

Ол үшін спорт түрлеріне қажетті құрал-жабдықтар алынды. Сондай-ақ 11 дана теннис үстелі, 22 дана ракетка мен тор, 93 дана үстел теннис добы, 4 дана волейбол торы, 16 дана волейболға арналған доп, 4 дана бадминтон сеткасы, 8 дана бадминтонға арналған ракетка, 24 дана бадминтон воланы, 3 дана армреслинг үстелі, 3 дана сақинасы бар стритбол қалқаны, 9 дана стритбол добы, 15 дана шахмат, 15 дана тоғыз құмалақ.

Жазаны өтеу мекемелерінде жаппай бейнебақылау орнатылып, бақылау-өткізу режимі күшейтілді.

Бейнемониторинг нәтижесінде қаскөйлік тәртіп бұзушылықтар 27% төмендеді (122-ден 89-ға)», — деді прокурор.