Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

839

Еліміздің солтүстігінде, орталығында және батысында кей жерлерде қар жауып, көктайғақ күтіледі.
22 қазан, бейсенбі күнгі ауа райы болжамын Қазақстанның барлық аумағы бойынша «Қазгидромет»РМК сайтында ұсынды.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, қар аралас жаңбыр жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, түнде ауа температурасы 2 градусқа дейін, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с, түнде ауа температурасы 8-10 градус, күндіз 18-20 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, ауа температурасы түнде 6-8 градус, күндіз 12-14 градус жылы болады.