ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНДА «БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

828

Биылғы «Балалар жылы» аясында Түркістан қалалық Өнер мектебі мен «Ұлы Дала Елі» орталығы бірлесіп ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» атты өнер фестивалін өткізді. Қалалық деңгейде өткен бұл фестивалде дәстүрлі ән, айтыс, күй тартыс, жыр терме, жыр мүшәйра бағыты бойынша әндер орындалды. Әсем әуезді ән деген адам өмірінің тамаша бейнесі. Өнер көрсеткен өнерпаздар көпшілік құрметіне бөленіп, орындаушылық шеберлігімен, талғампаздығымен көзге түсті.