ТҮРКІСТАНДА ҚОНАЕВҚА ҚҰРМЕТ ЖАСАЛДЫ

295

Дәл осы сәтте Түркістандағы «Фараб» әмбебап кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткеріДінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығы мерейтойына арналған » Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев және оның дәуірі» атты танымдық конференциясы өтіп жатыр.

Конференцияға републиканың түкпір-түкпірінен келген қонақтар қатысты. Алғашқы сөзді облыс әкімі Дархан Сатыбалды мырза алып, баяндама жасады.

«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген. Келген қонақтардың сөзінен кезінде халқына адал еңбек етіп, 30 жыл Қазақстанды басқарған, феноменге айналған ірі тұлғаның бейнесі бұрынғыдан да ашыла түсті.

Халықтың ұғымында:»Феодализмде туып, социализмде еңбек еткен, капитализмге жетіп, үш формацияны басынан өткерген — ұлы феномен».

Д.Ұ.Қонаевтың жүрегі — халық деп соққанын халық түсінген тұлға.