ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНДА МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

344

«Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев және оның дәуірі» атты шараға белгілі ғалымдар мен зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері, жастар қатысты.

Қонақтар «Алты алаштың Алатауы» атты кітап көрмесін және «Оңтүстікфильм» мекемесінің деректі фильмін тамашалады.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көрнекті мемлекет қайраткері туралы ой қозғап, конферецния жұмысына сәттілік тіледі.

Конференцияны еңбек ардагері Исмат Тұрсынқұлов жүргізді. Жиында қоғам қайраткерінің мемлекетті дамыту жолында атқарған істері, азаматтық болмысы кеңінен сөз болды.

Димаш атаның қазақ қаламгерлеріне, руханиятына, жастарына қорған болғаны туралы тың деректерді тілге тиек етсе, өзге де еңбек ардагерлері мен қатысушылар естеліктер айтты.

Жиында Халықаралық Д.Қонаев қоғамдық қорының президенті Эльдар Қонаев бірнеше азаматқа Д.Қонаевтың 110 жылдығына арналған орденді тапсырды.