ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ
Биылғы шомылу маусымында су айдындарында республика бойынша 153 адамның суға бату оқиғасы орын алған, оның ішінде 42-сі бала. Шымкент қаласы бойынша су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Нұржан Нұрханұлы баспасөз брифингінде баяндады.
– Сәуір айынан бастап судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша 215 рейдтік іс-шара жүргізілді. Бұл жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері де күшейтілген режимде өтті. Полиция департаментімен бірлесіп өткізілген патрульдік қызмет нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364 бабы бойынша 12 тұлғаға ескерту берілген, 412-бабы бойынша яғни судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамағаны үшін 12 тұлғаға 144 900 теңге, 440-бапқа сәйкес спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 77 625 теңге айыппұл салынды, – дейді Нұржан Нұрханұлы
Сондай-ақ осы жылы департамент аудан әкімдіктерімен бірлесіп балаларды, оның ішінде тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша аквасаябақтардың иелерімен 13 меморанду, шомылу маусымында 1500 баланы жүзуге үйреткен. Жазатайым оқиғаларды азайту, сондай-ақ шомылу маусымын қауіпсіз өткізу бағытында департамент жергілікті атқарушы органдарымен, волонтерлармен бірлесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырады. Биылғы шомылу маусымында су айдындарында республика бойынша 153 адамның суға бату оқиғасы орын алған, оның ішінде 42-сі бала. Шымкент қаласы бойынша су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Нұржан Нұрханұлы баспасөз брифингінде баяндады.