«КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ МЕН ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БІРГЕ ЖӨНДЕЛУДЕ…»

380

Әл-Фараби аудан аумағында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 87% құрайды.2022 жылы Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан Шолохов,Хлопзавод көшелерін кәріз жүйесімен қамту жұмыстары толығымен аяқталып қолданысқа берілді.

2023 жылы «Химфарм» шағын ауданына кәріз жүйесін жүргізу бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілген, бүгінде 20 көшеге кәріз жүйесін жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар, 2024-2025 жылдың жоспарында «Сәуле», «Ақтас-2», «Көркем», «Береке» шағын ауданына кәріз жүйесін жүргізу энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан жобалық-сметалық құжат  әзірлену жоспарлануда. Шымкентте кәріз жүйесімен бірге жол құрылысы да қатар жүруде. Ауданда ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше-даңғыл мен өткелдер бар. Жолдардың 230 шақырымы (88,5%) асфальт, 25,7 шақырымы (9,9%) тас жолды және 4,3 шақырымы (1,6%) топырақ жол құрайды. 2022 жылы 27 көшеге асфальт төселді. Атап айтқанда:

  • «Сәуле» ш/а 195-орамдағы, Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаұлы, Атауы жоқ №1 көшелері;
  • «Сәуле» ш/а. Женістін 50 жылдығы №1,2, Жастар, Жабаев, Жаңабазар тұйықтары мен Маркакөл, Ақсемсер, Мұратбаев көшелері;
  • «Сәуле» ш/а 275-орамдағы, Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш, Баянауыл көшелері;
  • Орталық аумақта А.Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесінің тұйығы мен Иляев көшесінің кіре беріс аумағы, Ш.Қалдаяқов көшесінен «Хадиша» бала-бақшасына дейін, М.Сапарбаев көшесі, «МЖК» ш/а. В.Терешкова мен Қамал  тұйығы, Терешкова өткелі және Красноярский, Бекетті көшесі;
  • Ескі қала ш/а, Милицейский, Қызыл әскер, Құлантау көшелері.

 

Сонымен қатар, 2023 жылға барлығы 22 көшеге ораташа жөндеу мен 14 көшеге шағал тас төсеу бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылады.

Атап айтқанда,орташа жөндеуде өтетін:

Сәуле ш/а, 195 орам, Қазата Дария Жарқын көшелері, Береке ш/а 275 орам, Атауы жоқ көше №1-5, Сәуле ш/а, Ақдала көшесі және Қапшағай,, Зерде №1 2, Жаңабазар №2, 3 тұйықтары, Ескі қала, Амангелді Иманов, Ирек, Қисық, Коканд көшесі және 1-ші Ирек тұйығы, Қошқар ата көшесі, Т.Айбергенов өткелі, Красин өткелі.

Ал, шағал тас төсеу қажеттігі бар Сәуле ш/а 1-14 атауы жоқ 14 көшелер ұсынылды.

Сонымен қатар, 2022 жылы шалғай елді мекенде орналасқан 34 көшеге 15,3 шақырым шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде «Береке» шағын ауданы 195 орамдағы 6 көше , 275 орамдағы 16 көшеге, 276 орамдағы 12 көшеге шағал тас төселді. Олар: 195 орам Қазата көшесі, 195 орам Дария көшесі, 195 орам Жарқын көшесі. 195 орам Атауы жоқ көше №1-3. 275 орам Атауы жоқ көше №1-16, 276 орам Атауы жоқ көше №1-12.  Атауы жоқ көшелерді аттап өтпей,  жөнделуі көпті қуантып отыр. Бұл да болса, ел экономикасының даму дәрежесі мен биліктің халық үніне құлақ асқанын аңғартады.

«Ара-ақпарат»