АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ XVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

64

Кезекті сессияда ауыл округтердің әкімдерінің, екі бөлімнің атқарған жұмыстары бойынша есептері тыңдалды.

Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков ашып, жүргізіп отырды. Сессияға аудан әкімі

Азат Оралбаев, аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейтқұлов және бөлім басшылары, ауыл округтердің әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1) Бадам ауыл округі әкімінің есебі;

2) Бөген ауыл округі әкімінің есебі;

3) Жеңіс ауыл округі әкімінің есебі;

4) Қажымұқан ауыл округі әкімінің есебі;

5) Аудандық экономика және қаржы бөлімінің есебі;

6) Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің есебі;

7) Ордабасы ауданындағы елді мекендердің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы.

Сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары сұрақтар қойып, тиісті шешімдер қабылданды.