ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 2100 ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

285

Бүгінде жайылым тапшылығы әр өңірде кездесетін өзекті мәселеге ай­налды. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берген болатын. Соның нәтижесінде еліміздің әр өңірінде пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүруде.

Жалпы Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы жайылымды жерлерді қайтару жоспары — 5,5 мың гектар жер. Ал ауданның жалпы жер қоры – 114 761 гектар жерді құрайды. Жайылым жер көлемі – 24,5 мың гектар. Бүгінде 9 айда – 2100,5 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ қайтару бағытында – 473,6 гектар жер, ол 13 іс сотта қаралуда.

Бүгінде Қайнарбұлақ ауылдық округінде 1049 гектар мемлекет меншігіне өткен. Биыл Құтарыс ауылдық округі 126 гектар қайтарылса, ал 285 гектар жайылымдық жер учаскесіне ауыл тұрғындарының малын жаю үшін ауылдық округ әкімі аппаратына тұрақты пайдалануға беру мәселесі қаралып, Жер комиссиясының оң қорытындысы берілген.

Жалпы Сайрам ауданында жайылымдық жер учаскелерін қайтару бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жайылымдарды елге қайтару жұмысы жалғасатын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі