МИОКАРД ИНФАРКТІ

258

ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы. Миокард инфарктісімен сырқаттанатын науқастардың саны 1000 адамға шаққанда 2,87 – 3,08% — ын құрайды. ЖИА –ның бұл түрі көбіне 40-тан асқан шақта дамиды және 50-56 жас аралығында бұл аурумен сырқаттану едәуір жиілейді. Ер адамдар әйелдерден 5-2 есе жиі ауырады. Соңғы кезде миокард инфарктісінің жиілігі екі есе көбеюге жақындаған. Миокард инфарктісінің негізгі себебі – тәж артерияларының стеноздаушы артеросклерозы.

Миокард инфаркті дамуының тікелей себептері: 1)тромбоздың салдарынан тәж артериясының окклюзиясы; 2) артеросклероз тамырларына қан құйылып ісінуінен тәждік артерияның бітелуі; 3) критикалық стеноз нәтижесінде тәж артериясының түйілуі; 4) тәж артериясының критикалық стенозы кезінде миокардтың оттегіге сұранысының күрт артуы (мәселен ауыр дене қызметінен симпатоадренал жүйесі белсенділігінің жоғарылауынан). Миокард инфарктімен ауру жиілігі сырқат адамның жасы ұлғайған сайын артады. Н.А.Мазурдың мәліметіне сүйенсек, 1000 адамға шаққанда миокард инфарктімен ауыру 30-39 жаста 0,76% болса, 60-64 жас аралығында 17,1% деңгейінде болады. Егде жастағы адамдарда атеросклероз үдерісінің үдеуімен қатар тамыр қабырғаларының, жүрек бұлшықетінің, қанның реологиялық қасиеттерінің, гемодинамикалық, нейрогуморальдық регуляцияның өзгеріске ұшырауы миокард инфарктінің пайда болуына себеп болатын факторлар. Миокард инфарктінің 80% клиникалық көрінісінде егде және қарт адамдарда ауырсыну синдромымен көрініс береді. Бірақ осы жастағы адамдарда жасына байланысты ауырсыну сезімталдағын сезу жоғарылығы өзгеруіне байланысты ауырсыну синдромы анық байқалмайды. Себептері: · жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары (гипертония, тамыр патологиясы, жүрек және коронарлық жеткіліксіздік) · тыныс алу жүйесінің аурулары (бронхит, бронхиалды демікпе, тыныс алу ағзаларының қабыну аурулары), · темекі шегу (темекі шегу кезінде тамырлардың спазмы нәтижесінде) · семіздік, пассивті өмір салты, қоршаған ортаның ластануы. Алғашқы көмек. Инфарктке күдік туындаса, науқасты отырғызып, оны тыныштандырып, киімінің түймесін ағыту қажет. Науқастың «қазір бәрі жақсы болады» дегеніне қарамай жедел жәрдемді шұғыл шақырту керек немесе өздігімен ауруханаға апару қажет. Егер науқасқа нитроглицерин бар болса, онда оны тілдің астына салған жөн. Нитроглицеринді 2 реттен артық беруге болмайды. Аспирин дәрісін шайнау қажет (аллергия болмаса), міндетті түрде шайнау қажет, жұта салуға болмайды. Осы жағдайда дәрі тезірек әсер көрсетеді. Егер науқас есінен танып қалса, тыныс алу мен жүрек соғысы болмаса, дереу жан сақтау шараларын бастаған жөн. Науқасты еденге жатқызып, төс аймағын жұдырықпен қатты ұру керек. Одан кейін жүрекке тікелей емес массаж жасау (міндетті түрде қатты, түзу жерде жасаған жөн) және жасанды тыныс беру қажет. Мысалы, әр 15 «компрессиядан» кейін 2 дем алу мен дем шығаруды жасау керек, одан кейін осы іс-әрекетті науқас есін жиғанша немесе жедел жәрдем келгенше қайталау керек. Инфакрт жағдайы науқасты ауруханаға дереу жатқызуды талап етеді. Инфарктті дәрігер-кардиолог емдейді. Әдетте жедел кезеңде ауру сезімін басатын дәрілер, антитромбоцитарлық препараттар, антикоагулянттар және т.б. қолданылады. Науқастың қатты күйгелектігі кезінде транквилизаторлар ұсынылады. Көп жағдайда хирургиялық ем, яғни стенттеу, баллонды ангиопластика қолданылады. Оңалту кезінде жүйке және ойға артық күш салмау, мөлшерленбеген физикалық жүктемелер, стресстік жағдайларды аластату қажет. Инфаркттің қайталану қаупін азайту үшін науқас емдәм ұстану, дәрігер тағайындаған дәрілерді қабылдау, салауатты өмір салтын жүргізу, темекі шегуден бас тарту қажет.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

«Апаттар медицинасы орталығы» (Астана қаласы) ММ-нің Шымкент Қаласы бойынша филиалының «Қазығұрт» трассалық медициналық құтқару пунктінің фельдшері

Майлығараев Б.Қ.

«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ»