САУРАН АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ, ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ, ҚУАНДЫҚ ҚҰЛАЖАНОВ: «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ӘДЕБІ ОНЫҢ ІСКЕРЛІГІН БІЛДІРЕДІ»

247

 

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет аппаратының кәсіби біліктілігіне, мемлекеттік қызметшілердің моральдық әдептік келбетіне үлкен мән берілуде. Мемлекеттік қызметшілерге қойылар талаптардың күшейгендігін байқауға болады. Мемлекеттік қызметшінің әдебін қалыптастыруда жергілікті әкімдіктегі әдеп жөніндегі уәкілдердің ықпалы зор. Сауран ауданы әкімдігінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Қуандық Құлажанов Үшқайық, Қарашық, Жүйнек ауыл округ әкімшілігінің қызметкерлерімен кездесіп, қызметтік әдеп нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Алдымен әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшінің әдебі жөніндегі өзгерген заңдарды екшеді. -Мемлекеттік қызметшінің моральдық бет-бейнесі мен әдебіне айрықша көңіл бөлінуінің астарында оның іскерлігі ғана емес, сонымен қатар, айналасындағыларға құрметі мен ізеті де сараланады.

Мемлекеттік қызметші халықтың, елдің алдындағы жүретіндіктен оның әрбір айтқан сөзі мен іс-қимылын халық жіті бақылап отырады,-деді Қуандық Салыбекұлы. Бұдан ұққанымыз, мемлекеттік қызметші әрқашанда әдеп кодексінің талаптарын жұмыс барысында болсын, демалыс күндерінде болсын, қонақта болсын, далада табиғат аясында демалғанда болсын естен шығармағаны жөн. Әр мемлекеттік қызметші аталған кодексте айтылғандарды басшылыққа алғаны абзал.

Бұдан басқа жиналыста қызметтік қарым-қатынастардағы мінез-құлық стандарттарында әріптестердің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына, басшылардың қарамағындағы қызметшілермен және төмен тұрған лауазымдағы қызметшілердің басшылармен өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптар да айтылды. Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісінше жауаптарын алды.

Әдеп жөніндегі уәкіл мұнан өзге ️мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерге жетуді көздеген әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының талаптарын мұқият сақтап, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосуымыз қажеттігін айтып өтті.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі