САУРАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ, ЕРБОЛ ҰЛАСБЕКҰЛЫ: «СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН КҮРЕС ҰДАЙЫ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС»

352

Бұл туралы әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі коммисия отырысында баса айтты. Комиссия отырысына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ербол Жанғазиев төрағалық етті. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байысбаев пен ауыл округ әкімдерімен депутаттар қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов баяндады. Баяндамаға сүйенсек, мемлекеттік сатып алудағы атқарылған жұмыстар бойынша 2023 жылы аудандық бірыңғай ұйымдастырушы, аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі тарапынан жалпы құны 2 653 959 мың теңгені құрайтын 124 конкурс (148 лот) жарияланған.

Бүгінгі таңда 1 460 951,2 мың теңгеге 91 (115 лот) мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, анықталған жеңімпаздармен келісімшарт түзу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталған сатып алулар бойынша 584 909,8 мың теңге қаржы үнемделген. Қазіргі таңда сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатқаны 1 193 007,8 мың теңгеге 33 конкурс өткізілген. Бөлім басшысының мәлімдеуінше сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында бөлімде әр ай сайын қызметкерлерге түсіндірме жұмыстары мен отырыстар өткізіліп тұрады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2023 жылы 1 қыркүйекке сыбайлас жемқорлық бойынша атқарылған жұмыстар

туралы бөлім басшысы Дәуірхан Асылбек баяндады. Бөлім 2023 жылы жалпы 5687 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Сонымен қатар, бөлімде жылдық жоспарға сәйкес қаралған қаржылар ай сайын игеріліп, заң талаптарына сәйкес әлеуметтік төлемдер электронды түрде қалыптыстырылып, мердігерлерден алынған электронды шот фактураларға мерзімінде төлемдер жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда бөлімнің 2023 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шара жоспары бекітіліп заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.

Комиссия отырысында қаралған мәселе өзекті. Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Әрбір мемлекеттік қызметші сыйбайластыққа жол бермеуі міндетті. Ербол Ұласбекұлының: — сыбайлас жемқорлықпен күрес ұдайы жүргізіліп, тиісті шараларды күшейтілуі қажет, — деген пәрменмен комиссия отырысы қорытындыланды.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі