ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

166

Комиссия отырысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев төрағалық етті. Жиналысқа аудандық мәслихаттың төрағасы Сержан Байысбаев, ауыл округ әкімдері мен бөлім басшылары, депутаттар қатысты. Комиссия отырысында екі мәселе қаралды. Аудандық полиция бөлімінің бастығы бірінші орынбасары А.Сапарбеков қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу, қаржы пирамидалары, заңсыз ойын бизнестері, есіртке айналымына жол бермеуге бағыттаған профилактикалық шаралар туралы баяндады.

Баяндамашының сөзіне сүйенсек, әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция пункттерінің әкімшілік аумақтарында іс -шаралар атқарылуда. Сонымен қатар, көше және қоғам қылмыстарымен жасөспірім арасындағы қылмыстарды алдын алу мақсатында құқық бұзушылықтарды болдырмау, болған қылмыстарды дер кезінде ізін суытпай ашу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Қоғамдық әлеуметтік шиеленістің алдын алу, қаржы пирамидалары, заңсыз ойын бизнестері, есірткі айналымына (медефдрон) жол бермеу мақсатында профилактикалық шаралар да қарқынды түрде өткізілуде. Профилактикалық іс-шаралар бойынша ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіп, жоғарыда аталған мәселелер бойынша тұрғындар арасында түсіндірілуде. Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында медефдрон шегетіндер көбейген.

Сауран аудандық емханасы бойынша психиатр – нарколог маманындарының баяндауынша диспансерлік есепте тұратын науқастар саны – 652, оның ішінде бала саны – 151, ересектер саны – 501. Алкоголь бойынша есепте тұратындар саны – 47. Оның ішінде Шымкент қаласына псих диспарсерге жолданғандар саны – 51.

Кентау қаласына жолданғандар саны – 25.

Алкоголь бойынша Шымкент қаласына жолданғандар саны – 4

Провациялық тексеруден өткендер саны — 34.

Ербол Ұласбекұлы өзекті мәселе бойынша тиісті ұсынымдар енгізіп, комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты мекеме басшыларына іс-шаралар жоспарында көзделген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуына тиісті тапсырмалар берді.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі