ЖЕТІНШІ СЕССИЯ: КҮН ТӘРТІБІНДЕ – МЕГАПОЛИСТІ ДАМЫТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР

169

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қала мәслихатының жетінші сессиясына қатысты. Күн тәртібінде үшінші мегаполистің даму жоспары аясында бірқатар маңызды мәселе қаралды.

Полиция департаментінің басшысы Думан Таев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстармен таныстырды. Жыл басынан бері қала аумағында тіркелген қылмыс саны 33 пайызға азайған. Бұл ретте бейнебақылау камераларының тигізетін үлесі зор. Әкімдіктің қолдауымен қоғамдық орындар мен үй аулаларына 1 500 камера орнатылған. Сондай-ақ жиында қала әкімдігі жанындағы бірқатар комиссияның дербес құрамдарын бекітуде мәслихат шешіміне өзгеріс енгізу мәселелері де қарастырылды.

Мәслихат депуттаттары Денсаулық сақтау басқармасының да есебін тыңдады. Салада 12 индикатордың барлығы орындалған. Шілде айында Шымкентте алғаш рет жүрек трансплантациясының жасалуы — мегаполис медицинасының үлкен жетістігі. Бүгінде дәрігерлер Израильдегі клиникаларда біліктіліктерін арттырып жатыр.

Сондай-ақ жиында қала әкімдігі жанындағы бірқатар комиссияның дербес құрамдарын бекітуде мәслихат шешіміне өзгеріс енгізу мәселелері де қарастырылды.

«Бүгін қала әкімі ретінде алғаш рет мәслихаттың сессиясына қатысып отырмын. Жергілікті атқарушы органның жүйелі жұмыс істеуіне оң ықпал ететін бірқатар мәселені қарадыңыздар. Президент Қ. Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бұқарамен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде маңызды тапсырмалар жүктеді. Өздеріңізбен бірлесе қала тұрғындарының игілігі үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, етене жұмыс істейміз», — деді қала басшысы.

Айта кетейік, кезекті сессия қазан айының екінші жартысына жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі