ШАҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖАҢА ӘКІМІН ТАНЫСТЫРДЫ

447

2023 жылғы 24 қыркүйекте өткен ауыл округінің әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Шаға ауыл округінің әкімі болып Жұманов Ырысғали Нұрғалиұлы тағайындалды.

Сауран ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев пен мәслихат төрағасы Сержан Байысбаев Шаға ауылының активіне жаңадан сайланған ауыл әкімін таныстырып, алдағы жұмысына табыс тіледі. Ал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ораз Әмреев жаңа ауыл әкіміне куәлік табыс етті.

Жұманов Ырысғали Нұргалиұлы 1974 жылы 3 мамырда ОҚО Түркістан ауданы , Ынтымақ е/м дүниеге келді. Ұлты-қазақ. Отбасылы. Төрт ұлы бар. 1988-1991 жж Қапланбек зоотехникалық малдәрігерлік техникумын «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі бухгалтерлік есеп»,

2012-2015 жж ШымкентУниверситеті — Агрономия, 2015-2017 жж М.Әуезов атындағы ОҚМУ-«Су ресурстары және су пайдалану» мамандықтары бойынша оқу орындарын бітірген.

Еңбек жолын 1991- 1997 жж ОҚО.Түркістан ауданы, Шаға а/о әкімшілігі- бухгалтер. 1997 – 2001 жж «Нар-Тауекел» шаруа қожалық- төраға. 2001-2002 жж «Онтүстік сушар» РМК ның ТФ Түркістан ӨБ су реттеуші. 2003-2005 жж аталған мекемеде — техник. 2006- 2012 жж аталған мекемеде — су реттеуші. 2013-2020 жж аталған мекемеде инженер- гидротехник.

2020 жылдан бастап «Каз.су.шар»РМК ТФ Түркістан ӨБ басшысы қызметтерін атқарған.

Ал бұған дейін Шаға ауыл округін басқарған Әбумүтәліп Нарымбетовке аудан әкімдігі атынан алғыс білдіріліп, иығына шапан жапты. Ал ауыл тұрғындары ат міңгізіп, құрмет көрсетті.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі