ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

330

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің моральдік-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы № 153 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже талабына сай, мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп жөніндегі уәкілдер бекітілген.

Осы ретте Сауран ауданы әкімдігінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Қуандық Құлажанов арнайы белгіленген кестеге сәйкес Шаға, Иассы, Оранғай ауыл округтерінде мемлекеттік қызмет туралы, сыбайластыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызметкердің әдебі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әдеп уәкілі мемлекеттік қызметшілерді қызметі барысында және одан тыс уақытта адамгершілік қасиеттерін жоғары қоюға, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларын сақтауға, ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге шақырды.

Сондай-ақ, жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа сәйкес жұмыскерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар да жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жиын барысында бұл тақырыпта кеңінен талқыланды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында әдептілік туралы түсіндірме, сауалнама жұмыстары жиі жүргізіліп отырады. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдепсіздік әрекеттері орын алып жататын болса, арнайы сымтетік арқылы хабарласуға немесе күнделікті әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдауына келуге болады.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі