МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ — ТӘРТІП

173

ҚР Президентінің ️2015 жылғы 29 желтоқсанындағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптарын сақтауға бағытталған құқықтық оқулар өткізу бекітілген. Осыған орай, Сауран ауданы әкімдігінің аппарат басшысы, әдеп уәкілі Қуандық Құлажанов мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығы туралы құқықтық сабақ өткізді. Сабақ барысында тәртіптік жауаптылық туралы заңдарға түсініктеме берілді.

Тәртіптік жауапкершілік – еңбек тәртібін бұзушыға құқықтық ықпал ету нысаны. Тәртіптік жаза қолданудан көрініс табады. Тәртіптік жауапкершілікке еңбек тәртібін бұзған жағдайда (себепсіз жұмысқа келмеу, еңбектік міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау) еңбек шартымен жұмыс істеп жүрген еңбеккер тартылады. Мемлекет қызметкерлер үшін лауазымдық өкілеттілік шегінен шығу мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау да тәртіптік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Тәртіптік жазаның ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметінен босату сияқты түрлері бар. Мемлекет қызметшіге бұларға қоса тәртіптік жаза ретінде қызметіне сәйкессіздігі туралы ескерту берілуі мүмкін. Тәртіптік жаза қолданылмас бұрын еңбеккерден жазбаша түсініктеме алынады және тәртіп бұзушылықтың деңгейі, оны жасау кезіндегі мән-жайлар және еңбеккердің біліктілігі мен мінез-құлқы ескерілуге тиісті. Бір тәртіп бұзушылыққа бір тәртіптік жаза қолданылады. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық немесе қаулы еңбеккерге жарияланады. Мұндай бұйрық немесе қаулыны шағымдау тәртібі еңбек заңнамасында белгіленген. Кейбір қызметкерлер санатына қызмет ерекшелігіне орай тәртіп жарғысына сәйкес арнайы тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.

Қуандық Салыбекұлының айтуынша, өткен жылдармен салыстырмалы түрде қарағанда тәртіп бұзатын мемлекеттік қызметшілер қатары азайып келеді. Бұған басты себептердің бірі осы уақытқа дейін жүргізіліп келген профилактикалық шаралардың әсері болса, енді бір себеп — мемлекеттік қызметке келген маманның мемлекеттік қызметтің талап, шектеулерін түсінуі, -дейді. Сонымен қатар әдеп жөніндегі уәкіл “Б”корпусы бос лауазымдарға конкурс өткізу қағидасы туралы да айтып өтті.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі