ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАҢА ЕМХАНАНЫ АРАЛАДЫ
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпұхар Жолдасов Ескі Иқан ауыл округіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Соның бірі жаңадан салынған «AVICENNA-A» емханасы. Жобаға 2 млрд. 400 млн теңге инвестиция тартылған. Құрылтайшысы Усманкулов Адилбек. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталған.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпұхар Жолдасов пен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев жаңа емхананың ішін аралап көрді. Емханада басы ауырып, балтыры сыздап келген науқасқа барлық жағдай жасалынған. Емханада ота жасау бөлмелері бар. Онда заман талабына сай лазерлік индескапиялық соңғы үлгідегі аппараттар қойылған. Жан сақтау бөліміне бір мезетте 4 адамды қабылдауға қауқарлы. Соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Сонымен қатар физотерапия, оңалту, зертхана бөлмелері бар. Емхана тәулігіне 500 адамды қабылдай алады.
Емханаға қосымша құрал жабдықтарды алуға кәсіпкерлікті қолдау ұлттық жобасы аясында жеңілдетілген 7 пайызбен 700 млн.теңге несие алған. Емхана ұжымы ашылу салтанатына дайындық үстінде.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі