САУРАНДЫҚ НҮРИЛА «ТҮРКІСТАН ВИЦЕ-АРУЫ» АТАНДЫ

178

Облыс орталығында «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының аясында «Түркістан аруы» байқауы ұйымдастырылды. Биыл ұлттық байқаудың сайтына облыстың түкпір-түкпірінен 100-ге жуық ару қатысуға өтініш білдірген. Үш рет кастинг өткізіліп, Түркістан облысының аудан, қалаларынан ақтық сынға 9 қыз жолдама алды.

Финалда арулар өзін таныстыру, шығармашылық бағытта өнері және қазақша көйлектермен дефиле көрсету бойынша сайысты. Қазылар алқасының қорытындысымен Сауран ауданы, Шаға ауылының тумасы, Түркістан жоғары медицина колледжінің түлегі Құрбанғалиева Нурила бірінші «Түркістан вице-аруы» номинациясын алды.

Құттықтаймыз!

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі