АУЫЛ АЙШЫҚТАНА АБАТТАНУДА

182

Ауыл үлкен жолдың бойында орналасқандықтан оны таза, санитарлық жағдайын қалыпты ұстап отыру – өмір талабы. Оранғай ауылдық округі бойынша елді мекендерді абаттандыруға 1450,0 мың теңге бөлініп, 598,0 мың теңгеге, ауыл ішін әктеу- сырлау жұмыстары жүргізілуде.

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдар-ламасы бойынша 1200,0 мың теңге болып жоспар бекітіліп, нәтижесінде 499,9 мың теңгеге мердігер ұтып, жұмыстарын атқаруда. Ауыл округ көше жарық шамдарының электр қуаты үшін жоспар 11 501,0 мың теңге болып бекітіліп, 6 563,0 мың теңге төленді. Елді мекендерді көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша, Оранғай ауылдық округі, Түркістан көшесіне, Оранғай ауылы Бейбітшілік көшесіне, КТП электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы үшін және Оранғай ауылы, Тастақ көшесіне жарық шамдар бағаналарын орнату үшін мемлекеттік сатып алу порталына баға сұрату бойынша жарияланып, мердігерлер анықталды. Алдағы уақытта жұмыстарды атқару жоспарланып отыр. Бостандық елді мекені, Мешіт көшесіне асфальт төсеу орташа жөндеу жұмыстарына 2023 жылдың маусым айында жұмысты жандандыру жоспарланып отыр. Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстары үшін 200,0 теңге бөлініп, 111,1 мың теңгеге мәдени іс-шара жұмыстарына сыйлықтар алынды. Спорттық іс-шараларды өткізу үшін 300,0 мың теңге бөлініп, 138,8 мың теңгеге спорттық іс-шара өткізілді.

Биылғы жылы Оранғай ауылындағы Тастақ көшеcіне бір трансформатор орнатылды. Бостандық елді мекені Құсшы ата көшесіне Кентау электр желілері тарапынан бір дана трансформатор орнатылып, бағаналар ауыстырылды.

Биылғы жылдың екінші тоқсанында Оранғай елді мекенінің Түркістан және Бейбітшілік көшелеріне екі дана трансформатор орнатуға жобалық сметалық құжаты жасалып, қаражаты бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігерлер анықталуда.

Оранғай ауылдық округі Бостандық елді мекені Мешіт көшесін асфальттау құрылыс жұмыстары 2023 жылғы маусым-тамыз айларына жоспарланып отыр. Қазіргі таңда мердігері анықталған. Оранғай елді мекенінің ішкі көшелеріне Қосқорған, Оранғай елді мекендердегі жеті көшесіне демеушілер есебінен 48 ауыр жүк көлігімен 1200 текше метр тас төселді.