ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІІККЕ КІЛ МЫҚТЫЛАР ҚАТЫСАДЫ

175

Ағымдағы жылдың 22-қыркүйек күні, сағат 9:00-де Оранғай ауылдық округіндегі аудандық спорт кешенінде Сауран ауданы әкімдігі мен мәслихат депутаттарының бірлескен футболдан ашық біріншілігі өтеді.

12- қыркүйек күні жеребе тасталынды.

Ашық біріршілікке 24 команда қатысуға ниет білдірген. Командалар бұған дейін де шаршы алаңда шапшаңдық танытып жүрген кіл мықтылар. Жеребе тастау шарасына аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байысбаев пен облыстық мәслихат төрағасы Баймахан Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Командаларға сәттілік тіледі. Ашық біріншілік аудан көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі түрде өткізуді қолға аламыз дейді ұйымдастырушылар.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі