ОРМАН ӨРТІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙІК
Құрметті Сауран ауданының тұрғындары бәрімізге белгілі, дала орман өрттері табиғи немесе жасанды болуы мүмкін.
Жасанды дала, орман өрттері адам-дардың күнделікті өрт қауіпсіздік ере-жесін сақтамағандықтан пайда бола-тын өрттер. Адамдардың шылым шегіп толықтай сөндірмей тастап кеткенінің әсерінен, кішкентай балалардың сірің-кемен ойнау нәтижесінде және шаруа-шылық иелерінің ауыл шаруашылық техникаларында өрт қауіпсіздігін сақтамау, себебі от басқышсыз жүруінен пайда болуы мүмкін.
Шаруа қожалық иелері өздерінің егістік алқаптарының айналасына минералды жолақтар жүргізуі қажет;
-Барлық ауыл шаруашылық техникалары ұшқын ұстағыштармен, екі дана өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс;
-Мал азығын даярлау, егін ору кезінде шаруа қожалық иелері бірігіп ортадан бір өрт сөндіру арналған соқалы тракторды кезекшілікке қою шараларын ұйымдастыру қажет;
-Дала, орман өрттерінің алдын алу шараларында, орманның аса өрт қауіпті аймақтарына адамдар мен техникалардың кіріп шығуына шектеу қоюға;
-Дала, орман өрттеріне қарсы өзара бірлескен іс-қимыл жоспарын жасап, орман қоры жерімен шекаралас аймақтарда өрт қауіпі маусымы кезінде ауыл округі бойынша ерікті өрт сөндіру жасақтарын ұйымдастырып, құрамы бекітіліп дайын болуы қажет;
-Ауыл әкімдіктеріне шекаралас орналасқан орман қоры жерлеріне өрт сөндіруге бейімделген және жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген техникалар жасақталып дайындықта тұруы керек;
-Бидай немесе шөп ору науқанында желді күні ору жұмыстарын тоқтатуын қамтамасыз ету қажет;
У.ПОЛАТ,
Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің
аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты.
О.ӘНУАРБЕКОВ,
№24 ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты.