«АУЫЛ КІТАПХАНАЛАРЫНА 20 МЫҢ КІТАП» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 26 МЫҢ КІТАП ЖИНАЛДЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін айрықша атап айтқаны баршамызға белгілі. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмасына сәйкес Түркістанда Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» атты рухани мәдени іс-шарасының қорытынды кеші өтті.
«Әдеби сапар аясында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы, өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысып Түркістан облысының руханият, әдебиет және мәдениет саласындағы маңызды жаңалықтарымен және өңір тарихымен өзге облыс тұрғындарын жете таныстыру басты назарда болды.
Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекованың мәлімдеуінше, «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» жобасы аясында 19 мың кітап тарту етілген. Ал «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» және «Кітап Travel – 2023» акцияларын қосқанда жалпы 26 мың кітап жиналып үлгерген. Жиында кітапханалардың бүгінгі жай-күйі, оқырмандарды тарту, кітапханалардың материалды-техникалық базасы туралы өзекті мәселелер көтерілді.
«Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында жиналған кітаптарды аудан кітапханаларына сыйға тартты. Осындай сый кітаптар Сауран ауданының да үлесіне тиіп, түрлі тақырыптағы құнды туындыларды сыйға тартты. Акция аясында 1500 дана кітап сыйға берілді. Олардың арасында Қазақстанның ескі заманнан бүгінге дейінгі ата бабаларымыздың рухани әлемінің әдеби көркем туындыларының жиынтығы, көп сұралатын жеке авторлардың кітаптары сериялық басылымдары және танымдылық энциклопедиялар, «Путешествие в страну чудес», «Канбак шал; Казахские народные сказки», «Сборник научно – фантастических произведении англииских и американских писателей» сынды Кітапхана қорын жаңа дүниелермен толықтыруға бағытталған бағалы бастама басқа да жанашыр жандардың тарапынан кеңінен қолдауға ие болып, ауылдық кітапханаларға жол тартты.
Акцияның мақсаты – өңірдегі ауыл кітапханаларының қорын жаңа дүниелермен толықтыруға бағытталған бағалы бастама басқа да жанашыр жандардың тарапынан кеңінен қолдауға ие болып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту. Алдағы уақытта оқырмандар бос уақыттарын тиімді пайдаланып, үнемі іздену арқылы тұлғалық болмысын дамыту үшін жаңаша жетістіктерге жетелейтін көркем әдебиеттер мен ғылыми әрі танымдық кітаптарды жиі оқуды тұрақты дәстүрге айналдырса уақыттың үдерісінен табылары даусыз. «Санаңа ой қосатын кітаптар» атты фото-көрме ұйымдастырылды. Кітап қорымыз тарихи маңызды қоғамдық әдебиеттермен толығуына себеп болған ұйымдастырушы басшылық пен ұжымына, барша жанашыр оқырмандарымызға алғысымыз шексіз.
К.ПРИМХАНОВА,
Сауран аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап өңдеу және толықтыру бөлімінің кітапханашысы.