БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2025

194

Сауран ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ Жібек жолы ауылдық округінде жастарыға және шағын кәсіп иелеріне «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Бизнестің жол картасы – 2025» — жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар экономиканың басым секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.

Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты млн теңгеге дейін құрайды.

Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

Аталған мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану тәртібін толық түсіндіру, қажетті құжаттарды рәсімдеу, бизнес жоспар әзірлеу, бизнес жоспарды қаржыландыру деңгейіне дейін сүймелдеу мақсатында «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» қызмет көрсетеді.