АУДАН ӘКІМІ ҮШҚАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

133

Кездесуге аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев, Сауран аудандық мәслихат хатшысы Мейрамбек Күнпейсов, аудан әкімдігінің мамандары, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Д.Панзабеков, Үшқайық ауылдық округінің әкімі М.Шалаев, елдімекен тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында Теке елдімекенінің тұрғындары елдімекен маңындағы жайылым жерлерді ауылдан ұзартып, ауылдың сыртындағы бос жерлерді анықтап беруді және монша жанындағы су ұңғыманы халыққа қайтарып беруді, трансформаторды ауыстырып беруді және Қарашық каналына су қосып беруді сұрады.

Ал, С.Қожанов елдімекенінің тұрғындары көптен бері шешілмей келе жатқан су мәселесі, жаңа мектеп ғимаратын салу, елдімекенде ашылған моншалардың санитарлық талапқа сәйкестігі жөнінде мәселелерді көтерді.

Тұрғындардың мәселелерін тыңдаған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев барлық көтерілген мәселелерді өз бақылауына алатындығын және заң аясында шешілетіндігін айтты.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.