ҮШҚАЙЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ ЖАЙЛАРЫ ӨЗ РЕТІМЕН ШЕШІЛЕДІ

116

Үшқайық ауылдық округіне барған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың кездесуінде алдымен Үшқайық ауылдық округінің әкімі М.Шалаевтың 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Кездесудің күн тәртібіне сәйкес, ауданның 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы бейнефильм көпшілік назарына ұсынылды. Үшқайық ауылдық округ тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев 2023 жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды баяндап өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан С.Қожанов елді мекеніне спорт алаңшаларын салу, мектеп, балабақша салу, ауыл тұрғындарына жер телімдерін беру, ауыз су, жастарды жұмыспен қамту, ағын су, ауылдық округтен өтетін Қарашық өзенін ауылдық округтің еншісіне қайтару, табиғи газ, тағы да басқа көптеген мәселелер көтерілді. Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін, бұл бойынша тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.