ОРАНҒАЙДЫҢ ОРАЛЫМДЫ ТҰСТАРЫ

157

Оранғай ауылдық округ тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев 2023 жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды баяндап өтті. Аудан әкімі құрылыс, ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен қамтамасыз ету, жол, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстар, көгалдандыру, ауылшаруашылық, кәсіпкерлік және туризм, әлеуметтік, жер қатынастары, білім, денсаулық, мәдениет және спорт салалары бойынша 2023 жылы жүзеге асыралатын жұмыстарға тоқталды.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, ауылдық округ тұрғындарының негізгі тіршілік көзі диқаншылық екенін, осыған орай Қосқорған су қоймасынан келетін судың аздығын айтып, ауылдық округке 5-6 құдық арқылы су шығарып беруін, «Кентау-Түркістан» тас жолы бойынан ауылдық округ маңынан бейнекамера орнату, М.Қазыбеков мектебіне құрылыс жұмыстарын жүргізу, балаларды тасымалдау үшін көлік қарастыру, жол бойынан арнайы белгілер орнату, ауылдық округке учаскелік инспектордың жетіспеушілігін, электр қуатының нашарлығын, орталық көшелерді жарықтандыру тағы да басқа көптеген мәселелер айтылды. Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев тиісті бөлім басшыларына нақ-ты тапсырма беріп, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін, бұл бойынша тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Кездесуден соң аудан әкімі жеке қабылдау өткізді. Оған ауыл тұрғындары Ю.Қасимов Қосқорған ауылына асфальт төсеу, ағын су бойынша сважина ұңғымаларын қазу мәселесін сұраса, Н.Еселхан М.Қазыбеков мектебіне домбыра үйірмесін ашу, күрес секциясын ашу, ауылда жабық стадион салу қажеттігін айтты. Жеке қабылдауға келген өтініштер бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін, бұл бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырма беріп, алдағы уақытта шешілетінін жеткізді.

«Сауран-ақпарат».