ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

150

2022 жылдың 29 желтоқсанында Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы Заң қабылданды. Заң ресми түрде 60 күннен кейін күшіне енеді. Яғни, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады. Барлығы онлайн болмақ.

 

Азаматтардың банкроттық рәсімдері

  1. Соттан тыс банкроттық (банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы қарыз 5,5 млн. теңгеге (1600АЕК) дейін
  2. Сот банкроттығы (қарыздың қалған түрлері бойынша (сомасына қарамастан) 5,5млн. (1600АЕК) теңгеден астам
  3. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру (борышкер мүлкінің құны барлық қарыздардың мөлшерінен аспайды)

Соттан тыс банкроттық

Мемлекеттік кірістер басқармасымен қарастырылады

Өтініш EGOV электрондық үкімет порталы арқылы беріледі

Қарыздар:

  1. Екінші деңгейдегі банктер;
  2. Микроқаржы ұйымдары;
  3. Коллекторлық агенттіктер алдындағы.

Шарттары:

  1. Қарыз 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспайды және 12 айдан артық өтелмейді

Ақпарат www.1cb.kz сайтында қол жетімді

  1. Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік жоқ (Жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары)

Ақпарат E.gov.kz сайтында қол жетімді

  1. Банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжаттың болуы (коллекторлар бойынша талап етілмейді)

Ерекше шарттары:

  1. 6 ай бойы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін — борышты өтемеу кезеңі бойынша талап (1-шарт) ескерілмейді
  2. Егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе-жоғарыда аталған барлық шарттар ескерілмейді
  3. Сот банкроттығы

Сотпен қарастырылады

Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі

Шарт:

Барлық кредиторлар алдындағы қарыздар бойынша

Нені білу керек:

1.Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады

  1. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы
  2. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді
  3. Қаржы басқарушысы тағайындалады
  4. Қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ЕТЖ)

Банкроттықты жүргізу мерзімі — 6 ай, ұзарту мүмкіндігі 6 ай

Рәсімді қолдану барысындағы шектеулер:

  1. Мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау бойынша мәмілелер жасауға тыйым салынады
  2. Рәсімді жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салынады

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Сотпен қарастырылады

Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі

Шарт:

Қарыздың мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспайды

Сауықтыру шаралары:

  1. Мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру
  2. Құны төмен тұрғын үйді сатып алу үшін тұрғын үйді сату, айырбастау және т.б.

Артықшылықтары:

  1. «Банкрот» мәртебесі берілмейді.
  2. Теріс салдар жоқ (қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несие алуға шектеулер жоқ).
  3. Қарыздарды бөліп төлеу (5 жылға дейін).
  4. Шетелге шығуға шектеу жоқ.
  5. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегі.
  6. Қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі.

Өтінішке қоса беріледі

  1. Кредиторлар тізбесі(банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер)
  2. Банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борышты реттеу туралы құжат (коллекторлар бойынша талап етілмейді)

Банкроттықтың салдары

  1. Банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады
  2. Қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін болады
  3. Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау (мониторинг) жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Сауран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы республикалық мемлекеттік мекемесі.