Шыңғыс Мұқан: “АУЫЗАШАР В КОРОБКЕ” ПО-ШЫМКЕНТСКИЙ…”
Шымкентте үйге қонақ шақырып ауызашар бермей, оның орнына мұқтаж жандарға азық-түлік таратыла бастады.
Кеше мың қорабы таратылды. Әкімшілік пен мешіттер бірлесіп. Ішінде май, қант, кәмпет, пешене, ұн, макарон, құрма және тағы біраз дүние бар.
Бұл бастамаға қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өзі мұрындық болды.
Діни жоралғыға жиылған жұртқа жайылған аста-төк дастарханға қарап: “Тоқтарға тамақ бергенше, мұқтаж жандарға таратып бергеннің сауабы көп болады” деп еді бір кісі.
Ендеше, игі іс. Бүгін неге жалғаспасқа…
Жалпы, Шымкентте 46 мың 339 көпбалалы ана және 37 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Сондай-ақ 82 мыңнан аса зейнеткер, 3 мың 384 тыл ардагері және 21 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.
Әрине, мемлекет әлеуметтік топтарға ай сайын қыруар қаржы қарап отыр. Мұқтаж жандарға мемлекет емес, мен не істедім деген саналы сұрақ мазаласа, Ораза нағыз қайырымдылық айы. Көмек қажет адамды тауып алыңыз да, отын жарып, шөбін орып, ауласын тазалап, тамақ пісіріп беріңіз.