«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС»
Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек және «Жұмыспен қамту» КММ орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Азамат Мұсырманқұлов хабарлап өтті.
Дәуірхан Сейілбекұлының мәлімдеуінше статистикалық көрсеткіштерге сәйкес экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 43361, жұмыссыздар саны — 2181 адам, жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлердің саны — 17483 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 23697 адамды құрайды. 2023 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен — 323125,0 мың теңге, облыстық бюджеттен — 64624,0 мың теңге, қосымша төлемге республикалық бюджеттен — 40884,0 мың теңге қаралған. 2023 жылдың 3 айында 502 отбасының 3126 адамына 96592,3 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төлем жүргізілген.
Түркістан облысы әкімінің 2023 жылға негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоспарына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын 4904 адамнан жыл соңына дейін 15% кемітіп, 4168 адамға азайту бойынша меморандум түзілген. 2023 жылдың 1-тоқсанына бекітілген АӘК алушылар жоспары — 3433 адам болса, АӘК алушылар саны бірінші тоқсанға 3126 адамға орындалып, көрсеткіш 307 адамға төмендетілген. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен жыл басынан 32 отбасына 220,0 мың теңге материалдық қаржылай көмек көрсетілгенін жеткізді.
Сонымен қатар, қосымша хабарлама жасаған Азамат Ержанұлы Сауран ауданы бойынша «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту» ұлтық жобасы аясында 2023 жылы атқарылған жұмыстарын баяндады. Жоба аясында 2023 жылы аудан бойынша 5990 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған болса, қазіргі таңда 3940 азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 2303 адам әлеуметтік шаралармен қамтылған. Ал, жоба бойынша мүмкіншілігі шектеулі 150 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, 91 азамат жұмыспен қамтылған. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» бойынша 2023 жылдың 21 сәуіріне дейін орталық арқылы атаулы әлеуметтік көмекке 502 отбасының 3126 адамына 96592339 мың теңге тағайындалып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолданғанын атап өтті.
Бұдан бөлек, күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша аудан аумағында аса қауіпті және зиянды жәндіктерді (залалсыздандыру) жұмыстары туралы Түркістан қалалық аумақтық инспекция басшысы Жантөре Ибрагимов, көктемгі залалсыздандыру (кенеге қарсы) атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Сауран ауданы бойынша ветеринариялық қызметі басшысының міндетін атқарушы Мирзахан Вапаев және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нурдулла Мирзагелдиев хабарлама жасады.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, жұмыстың уақытылы орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.