ӘКІМ ЕСЕБІ — ХАЛЫҚ ПІКІРІМЕН ҚҰНДЫ

161

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» деп тапсырма берген болатын.

Осыған байланысты Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың 2023 жылы атқарып жатқан жұмыс жоспарлары туралы ауыл халқымен есебі басталды. Аудан әкімінің 2023 жылдың екінші тоқсанындағы кездесуі бекітілген кестеге сәйкес Жаңа Иқан, Ескі Иқан ауыл округтерінен бастау алды.

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев әуелі Жаңа Иқан ауыл округіне қарасты Ибата елді мекеніндегі жаңадан ашылған «Ханшайым» балабақшасына арнайы барып, еліміздің болашағы бүлдіршіндерге жасалынып жатқан жағдайға қанықты. Сонымен қатар, Ибата елді мекенінің күн батыс жағынан (Бостандық учаскесі) су тасқыны кезеңінде тасқын судан болатын қауіптің алдын алу мақсатында салынатын ұзындығы 900 метр дамбаның жобасы мен Ибата елді мекенінің күн шығыс жағынан (Қарауыл төбе) су тасқыны кезеңінде тасқын судан болатын қауіптің алдын алу мақсатында салынатын ұзындығы 700 метр дамбаның жобасын қарап, Ибата елді мекеніндегі аумағы 3 га жылыжайдың жұмысымен танысты.

Жаңа Иқан ауылдық округі тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы І-тоқсандағы аудан көлемінде жасалған жұмыстардың есебін беріп, 2023 жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды баяндап өтті. Осы күні аудан әкімі Ескі Иқан ауылдық округі тұрғындарымен де келелі кездесу өткізді.

Аудан әкімінің Жаңа Иқан, Ескі Иқан ауыл округі халқымен болған кездесу барысы туралы газетіміздің келесі санында толығырақ жазатын боламыз.

 

«Сауран-ақпарат».