ТҮРКІСТАН: САУРАНДА СПОРТ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

152

Сауран ауданында бүгін балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жиынға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев, Түркістан облысы спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Мүслімова, қысқы спорт түрлерінен Түркістан спорт клубының директоры, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Данияр Исабаев, ҚР Бас Прокуратурасының департамент бастығы Асқар Сапарғалиев және ауыл тұрғындары қатысты.

— Бүгін қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Өйткені, ауылдық округте жаңа спорт кешені ашылды. Алдағы уақытта бұл спорт мектепте 240 бала жаттығатын болады. Кешеннің ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануда және салауатты өмір салтын қалыптастыруда алар орны ерекше болмақ. Сондықтан осындай спорттық шараларға жастарды көптеп тартуда барынша жүйелі жұмыстар атқарып, жұмыстарды үйлестіруіміз қажет, — деді Серік Өмірханұлы.

Сонымен қатар, шара барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев Түркістан облысында волейболдан жасөспірімдер арасындағы өткен жарыста жүлделі орыннан көрінген жаттықтырушыларды арнайы кубок пен мақтау қағаздарымен марапаттады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі