ҚАРЖЫНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?
Соңғы кездері елімізде инфляцияның өсуі мен азық-түлік бағасының шарықтап, қызмет көрсету саласының қымбаттауына байланысты түрлі алаяқтық жолдармен халықты орға отырғызушылар саны көбеюде. Осыған орай, қаржыны тиімді пайдалану мен алаяқтардың арбауына түспеудің жолдары қандай деген сұрақпен «Түркістан несие» МКҰ ұйымының басшысы Рахман Мавляновпен пікір алысқан едік.
— Қазіргі таңда қандай жолмен болса да, баюды мақсат еткендер ештеңеден де тайынбайды. Материалдық құндылықтарды бірінші қатарға қоюшылардың қатары күн санап көбейіп барады. Таза жолмен қалай баюға болады?
— Үлкен байлыққа таңдаулы адамдар ғана қол жеткізе алады. Молшылықта өмір сүру үшін күш-жігеріңді аямай еңбектенуің керек. Іскерлік қабілетің болмаса, бизнесте табысқа жете алмайсың. Басқа жолмен баю жөніндегі қате көзқарастар адамның санасында қалыптасып бекіген жағдайда, адам өзінің қаржысын саналы түрде басқара алмайды. Тапқан табысынан артық мөлшерде жұмсап отырады. Қарызға батады немесе керісінше әрбір ұсақ-түйекке ақша үнемдеумен, ауыр күндерге арнап ақша жинап отырады. Жағдайды түзетуге қаржылық сауаттылықты арттыру ғана көмектеседі.
— Қаржылық сауаттылық не үшін қажет оны қалай дамытуға болады?
— Өз қаржыңызды басқару тәртіптерін қатаң сақтап, ұстану арқылы сіз табысыңызға сәйкес өмір сүруді және өзіңіздің әл-ауқатыңызды жоспарлы түрде арттырып отыруды үйренетін боласыз. Қаржылық тұрғыдан сауатты адам мына мәселелерді есте ұстайды. Алдымен өзіне және жақындарына кездесуі мүмкін күтпеген жағдайларға арнап, ауру, дағдарыс және тағы басқа жайларға қаржылай қорғауды қамтамасыз ету үшін қор жасақтауы керек. Тұрақты жұмыс болмағанның өзінде әдеттегі тіршілік деңгейін сақтап отыруды қамтамасыз етеді. Ақшаны жинақтап және арттырып отыруды жүзеге асырады. Қосымша табыс көздерін табады. Алаяқтық қаржылық сұлбаларды тани біледі. Жұмыс берушіге, зейнеткерлік реформаға, елдегі экономикалық жағдайға тәуелді болмау үшін өзінің күші мен мүмкіндіктеріне сүйенеді.
— Қаржылық сауаттылық негіздеріне не жатады?
— Қаржыны сауатты түрде басқарған жағдайда, шығын кірістен аспайды. Ал бос қаражаттың барлығы «жұмыс істеп тұрады». Яғни пайда әкеліп отырады. Сонымен қатар, алаяқтардың арбауына түспеуді біледі. Көпшілігіне мұндай ауқаттылық деңгейі қол жетімсіз болып көрінеді. «Жалақыдан жалақыға дейін өмір сүріп отырсам, бос ақшаны қайдан аламын?»,-деп ойлайды. Шындығына келгенде, ақша жинау, инвестиция жұмсау, жанама табыс табу және қаржылық сауаттылыққа ие болу әркімнің де қолынан келеді. Яғни, аздан да, көптен де үнемдей білу керек.
Көптеген адамдар үшін бұл байлық деңгейі қол жетімсіз болып көрінеді. Егер сіз жалақыдан жалақыға дейін өмір сүрсеңіз, бос ақшаны қайдан алуға болады? Шындығында, әркім үнемдеуге, инвестициялауға, пассивті кіріс алуға және қаржылық сауатты бола алады. Экономика – дәлдік ғылым.Материалдық жағдайыңызды жақсарту үшін оның заңдарымен танысып және оларды практикалық тәжірибе жүзінде қолдансаңыз жеткілікті.
— Жалпыға бірдей қаржыға деген сауатты көзқарасты қалай қалыптастырамыз. Қаржылық сауаттылық болмағаннан кейін кей адамдар алаяқтардың арбауына түсіп қалып жатқан жоқ па?
— Иә дұрыс айтасыз. Қаржылық сауаттылық деңгейі төмен адам әдетте келесі төмендегі үлгілердің бірі бойынша әрекет етіп отырады. Мәселен, тапқан ақшасын түгелдей жұмсаумен, қаржылық қауіпсіздік жастығын жинамайды. Тапқан табысынан артық ақша жұмсаумен бірге қарызға батып отырады. Болашағына алаңдаумен, ақша жұмсауға қорқады. Осылайша барлық жағдайларда тартынып отырады. Бос қаражаттан пайда табу үшін банкілік немесе ивестициялық аспаптарды қолданбайды. Себебі, оған сауаты жетпейді. Перспективалық ой толғамайды және зейнетке шыққаннан кейінгі өмірге арнап қор жинамайды. Табысын тұрақты түрде арттыру мүмкіндігін іздестірмейді.
— Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін не істемек керек?
— Аляқтықтың құрбаны болмау үшін ашкөздікке бірден үлкен пайдаға кенелу көзін іздестірмеу керек. «Батпан құйрық, не қылған айдалада жатқан құйрық» дейді қазақ. Әлбетте, бұл сценарийлердің толық тізімі емес және сіз айналаңыздан осындай қаржыға деген қате көзқарастың әлі көптеген мысалдарын табасыз. Алаяқтыққа ұрынған өзгелердің қателерінен сабақ алып және өзіңіздің қалыптасқан әдеттеріңізді бақылап отырыңыз. Ақшаға тәуелділіктен, негізсіз қорқыныштардан, ойланбастан ақша жұмсау әдетінен құтылыңыз. Барынша тиімді стратегия – ақшаға деген тұтынушылық көзқарасты басқарушылық іс-қимылдың анағұрлым сауатты үлгісімен алмастыру керек.
— Қазір елімізде қаржылық сауаттылықты көтеру курстары бар ма?
— Әрине бар. Осындай қаржылық сауаттылықты оқыту курстарынан өткеніңіз жөн. Қаржылық сауаттылықты өз бетіңізбен де дамытып отыруға болады. Сондай-ақ, арнайы курстардан да өтіп отыруға болады. Ол жерден сіз құрылымдалған ақпаратқа және кәсіпқойлардың тәжірибесін қабылдап алу мүмкіндігіне ие боласыз. Кейбір компаниялар өз қызметкерлерін оқытып, құқықтық және қаржылық сауаттылығын көтеріп отырады. Себебі, олар бизнестің ортақ табысының әр қызметкердің білім деңгейіне байланысты екенін түсінеді. Сол арқылы компанияның да ортақ табысы өсе түседі. Қызметкерлерінің де тұрмыстық жағдайы көтеріледі.
— Салиқалы сұқбатыңызға үлкен рахмет!
Ләззат САРЫБАЕВА.