ЕКІ МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕР ЖЕТІСПЕЙДІ

129

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын дамыту бойынша елімізде «Ауыл аманаты» атты ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жақсы бастама басталған. Алайда, шорнақтықтарға бұл бастама әлі жеткен жоқ. Келесі сауал қоюшы тұрғынның пайымдауынша, шорнақтықтар негізінен мал өсірумен айналысады.

«Бұрын Шорнақта 26 қой фермасы, 450 бастан екі сиыр фермасы, жылқы, түйе төрт түліктің бәрі де болған. Біз қазір сол сіз айтқан 2,5 пайыздық несиеге кіретін болсақ, мал жайылатын жайылым жоқ. Жайылымымыздың бәрін қиыршық тас зауыттары жаулап алған. Олар мың гектарға дейін жайылымдық жерлері алып алған. Оған малшылар кіре алмайды. Аудан орталығы болғандықтан екі малдан артық ұстай алмаймыз. Осы мәселені қалай шешуге болады?»,- дейді аудан орталығының тұрғыны.

-Жақында Жетісай ауданында тұрғындармен кездестім. Өздеріңіз білесіздер онда жүз пайыз суармалы жер. Ондағы азаматтардан еттік және сүттік бағыттағы малдарды жемшөппен қорада бағу бағытын ұстануды сұрап жатырмыз. Шын мәнінде бізге екі миллион гектардан астам жайылымдық жер жетпейді. Жоспар бойынша таяу жылдары бір миллион гектар жерді мемлекет меншігіне ортақ жайылымға қайтаруымыз керекпіз. Бір миллион 33 мың гектар жерді мемлекет меншігіне алсақ, 700 мың гектарды меморандум арқылы еттік, сүттік бағыттағы малды бордақыда қорада ұстауға және ортақ жайылымға беруді жоспарлап отырмыз,-деп тыңғылықты жауап алды.