ӘКІМ САЙЛАУЫ: МАҚТААРАЛДА 80 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРДІ

149

Достық ауылдық округі Гүлістан ауылының тұрғыны, 80 жастағы қария Түрікмен Кенжеев ең алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Қария аудан әкімінің сайлауы барша аудан тұрғындары үшін маңызды екенін айтып, мақтааралдықтарды сайлауға белсене қатысуға шақырды.

Түрікмен ата 7 ұл, 3 қызынан қазіргі таңда 41 немере, 12 шөбере сүйіп отыр. Тәжік этносының өкілі осындай бейбіт елді тұрып жатқаны үшін қазақ ағайындарына алғысы шексіз екенін білдірді.

Айта кетейік, бүгінгі сайлауда ардагер қариялардан бастап алғаш рет дауыс беруге келген жастар, ауыл келіндері, қарапайым ауыл шаруашылығы қызметкерлері, мұғалімдер, спортшылар, мәдениет қызметкерлері саяси науқанда белсенділік танытуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі