МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ  КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

128

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы болып өтті. Сессияны Сауран аудандық мәслихатының депутаты Ержан Мұстапаев ашып, жүргізіп отырды.

Сессияға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №167 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Самат Рысбеков, Жібек жолы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы туралы ауылдық округ әкімі Мейрамбек Әшірбеков баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі қаралған 2 мәселе бойынша баяндамашыларға депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптары берілді. Аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы өтетін мәслихаттың кезекті сессия жұмысына бірауыздан ұсынылды.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі